Түрмеде күдікті өз-өзіне қол жұмсады

2499
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Шымкентте тергеу изоляторында кісі өлтірді деген күдікті суицид жасады, деп хабарлайды 1Адырна" ұлттық порталы "Ulysmedia.kz"-ке сілтеме жасап.

Қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 1962 жылы туған ер адам өзіне қол жұмсау кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалмау үшін көрпемен бүркенген.

Мекеме қызметкерлері жедел жәрдем бригадасын шақырды. Алайда көп қан жоғалтқандықтан күдікті олар келгенге дейін көз жұмды.

Ведомство оқиға 20 сәуірде болғанын атап өтті. Тергеу материалдарына сәйкес, суицид түнгі уақытта жасалған.

Аталған фактіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бірқатар қызметкер жауапкершілікке тартылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер