Мемлекет басшысының конституциялық реформаларына арналған пікірталас алаңы өтті

2065
Adyrna.kz Telegram

17 мамырда «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі жастарының бастамасымен референдумды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабының қызметі аясында Мемлекет басшысының конституциялық реформаларына арналған пікірталас алаңы өтті.

Шараны Референдумды қолдау республикалыққолдау штабының жетекшісі Төлеубек Мұқашев ашып, референдумға қатысу – жастардың жаңа қоғам құруға ат салысуы үшін берілген мүмкіндік екенін атап өтті.

Іс-шараға Республикалық қоғамдық штаб мүшелері«Ассамблея жастары» РЖҰ төрағасы Т.Джумурбаев және «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Т.Миронюк, облыстық және қалалық мәслихаттардың жас депутаттары, облыстық басқарма басшылары сондай-ақ, жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Жаңа Қазақстан идеясы қоғамның ұмтылысына жақын, әр түрлі санаттағы азаматтар алға қойған заманауи талаптарға жауап береді.  Бұл, ең алдымен, «Жаңа Қазақстанның» әділеттілік пен өзара сыйластық қағидаттары туралы екендігіне байланысты, - дейді «Ассамблея жастары» жастар ұйымының жетекшісі Тимур Джумурбаев.

Талқылау аясында жастар көшбасшылары референдумды өткізуге қатысты және конституциялық реформа туралы өз ойларын ортаға салды.  Қазақстан жастары, азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыратын мүмкіндіктерді ашатын мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесіндегі өзекті өзгерістерді талқылады.

Пікірлер