Ресей дүкендерін тонап жатыр

2763
Adyrna.kz Telegram
Фото: novoetv.kz
Фото: novoetv.kz

Ресей дүкендеріндегі ұрлық саны ақпаннан сәуірге дейін өсті. Бұл туралы РБК NTechLab бетті тану жүйесі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәселен, соңғы үш айда бір дүкенде орта есеппен шамамен 130 ұрлық тіркелді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Сонымен қатар, сарапшылар азық-түлік бөлшек саудасындағы да, дүкендердегі де деректерді киім-кешек, балалар тауарлары, үйге, бақшаға және жөндеуге арналған заттармен салыстырды.

Көбінесе азық-түлік дүкендерінде тауарлар қоржынмен бірден ұрланады. Мұндай оқиғалардың саны 27 пайызға артқан. Барлық ұрлықтардың ішінде 19 пайызы кондитерлік өнімдер, 16 пайызы шұжық өнімдері, 14 пайызы алкогольдік өнімдер, 13 пайызы ірімшік, 7 пайызы кофе мен какао.

Ұрланған заттардың орташа сомасы 1,5 мың рубльді құрайды.

29 наурызда белгісіз біреулер Мәскеудегі мамандандырылған дүкеннен құны 200 мың рубль болатын металл іздегіштерді алып кеткені белгілі болды. Бір күн бұрын Волгоградский даңғылындағы металл іздегіштер дүкенінің 34 жастағы меңгерушісі құқық қорғау органдарына жүгінген.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер