Финляндия НАТО-ға кіру туралы ресми шешім қабылдады

2744
Adyrna.kz Telegram
Фото: life.ru
Фото: life.ru

Финляндия  НАТО-ға қосылу туралы шешімін ресми түрде жариялады. Бұл туралы үкіметтің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Финляндияның НАТО-ға кіруге өтініш беретінін Финляндия президенті Саули Ниинистё мен премьер-министр Санна Марин Хельсинкиде өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Бұл шешімді әлі де Финляндия парламенті бекітуі керек, бірақ оның келісімі кепілдік берілген деп саналады.

Финляндияның НАТО-ға қосылу туралы ресми өтініші алдағы аптада альянстың Брюссельдегі штаб-пәтеріне жіберіледі.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер