БАӘ президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян өмірден өтті

2814
Adyrna.kz Telegram
Фото: хоббхобби.рф.
Фото: хоббхобби.рф.

Бүгін, 13 мамыр күні Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян өмірден өтті. Ол 72 жаста еді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БАҚ өкілдері президенттің ұзақ уақыт ауырғанын жазуда.   Біріккен Араб Әмірліктерінің екінші президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян бұрынғы президенттің тұңғыш ұлы, мемлекет басшысы болып тағайындалғанға дейін Абу-Дабиді басқарды. Ол 2004 жылдың 3 қарашасында президент болып сайланды. 2014 жылдың қаңтарында Халифа жүрек ауруына душар болып, билік оның бауыры Мухаммад ибн Заид Аль Нахайянға өтті.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер