Желіде сынның астында қалған депутат жауап берді

3327
Adyrna.kz Telegram
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев сынға қалды. Желі қолданушылары Елубаев 18 жыл бойы әкесі негізін қалаған бір университетте істегенін, оқу орнына түскеннен кейін сабақ бере бастағанын жазған. Депутат оны сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап. 

Желіде Елубаевтың биографиясы тараған. Құжат бойынша Мәди Елубаев 2003 жылы Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түскен, артынша сол жылы сабақ бере бастаған. Кейіннен 18 жыл бойы қызметі көтерілген: доцент, профессор, декан, проректор болып, 2021 жылы университет ректоры атанған.

Университет негізін депутаттың әкесі Сағынтай Елубаев қалаған көрінеді. Депутат оны сынағандарға жауап беріп, ол бірнеше университетте жоғары білім алғанын айтып, 2003 жылы "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша жоғары білімі болғанын, сондықтан сабақ бере бастағанын айтты.

"Алғаш жоғары білімді Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде экономика мамандығы бойынша алдым. Бес жыл оқыдым. Мырзахметов атындағы университетте әртүрлі мамандықтарға экономика негізері бойынша сабақ бердім. Университетке құқықтану мамандығына түстім", - дейді Елубаев.

Депутаттың сөзінше, үш жоғары білімі бар: бірінші - Уәлиханов атындағы университетте экономика бойынша (2003); екіншісі - Мырзахметов университетіндегі юриспруденция бойынша (2005);
үшінші - Уәлиханов атындағы университетте құрылыс бойынша (2010);

Сонымен қатар, депутат "доцент" және "профессор" атағына қатысты түсінік берді.

"Мен расында, Мырзахметов атындағы университет профессорымын. Бұл барлық университеттегі жалпы тәжірибе. Атақ пен дәрежені шатастырмау маңызды. Кандидаттық, докторлық дәрежені қорғау керек. Бұл ғылыми дәрежелер, олар бойынша диссертациялық жұмыстар жазылады, содан кейін қорғау жүргізіледі. Атақ университет ішінде атқарылған жұмыстар мен еңбектер негізінде беріледі.  Менде университет атағы болды. Университеттер оларды өз еңбектерін жазатын ғалымдарына беруге құқылы. Бұл, сонымен қатар, университет рейтингі үшін қажет. Егер ғалым белсенді болса, еңбектер жазады, монографиялар шығарады, ынталандыру ретінде атақ та беріледі", - деді Мәди Елубаев.

Сонымен қатар, 2011 жылы Елубаев заң ғылымдарының докторы атағын қорғаған.

Айта кетейік, Мәди Елубаев 1982 жылы туған. 2014 жылы 32 жасында университет ректоры атанды. 2021 жылы Amanat партиясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер