Плебисцит – пәрменді бастама

3103
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың 5 маусымында мемлекеттің барлық моделін кешенді түрде трансформациялауға бағытталған Ата заң баптарының үштен бір бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Саяси жүйені өзгерту, яғни конституциялық реформа жасау маңызды демократиялық институт.

Референдум «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшу, Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту, Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салу, мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделін, сондай-ақ аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесін толықтай енгізу, құқық қорғау саласы және т.б. бойынша өзгерістер жасауды көздейді.

Мұндай плебисцит ел болашағы үшін нақты қадам. Республикалық референдум идеясын құптаймыз және баршаңызды қолдауға шақырамыз. Екінші Республиканы бірге қалыптастырайық. Күшіміз – бірлікте!

 

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Пікірлер