"Біз жақсы өмір сүріп, жақсы жұмыс істегіміз келеді": Марат Әбиев Тоқаевқа үндеу жолдады

3417
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

«Барыс-Арена» стадионында өтпей қалған концерт туралы Марат Әбиев Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бейнежазбада TDFA KZ басшысы мен ұжымы Президент оларды байқасын, назар аударсын деп концерт ұйымдастырғанын хабарлайды. Өйткені, GENESIS командасы ай сайын Президент әкімшілігіне, eGov-қа хат жазған. Алайда ешқандай жауап алмаған, .

Үндеулердің мақсаты - олардың жобасын қолдау, өйткені Марат Әбиев Қазақстанды экономикалық дағдарыстан алып шығатынына сенімді.

Сондай-ақ, GENESIS 300 000 қол жинаған Қазақстан тарихындағы ең үлкен петицияны жинады.

«Біз қазір Қазақстан бойынша, ең үлкен қол жинадық. Петицияда жақсы өмір сүргісі келетін, жақсы жалақыны армандайтын, жақсы үйде тұрғысы келетін, ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін 300 мың адамның қолы бар», - деді ол.

Сонымен қатар, Марат Әбиев олардың іс-әрекетінде саяси астар жоқ және ол да жоқ: олар митинг өткізіп, «жамандық жасамақ емес» деп мәлімдейді.

"Біз стадионда барлығын жинап, сіздің байқағаныңызды қаладық. Біздің басты мақсатымыз – лайықты, дұрыс өмір сүру. Біз жақсы өмір сүріп, жақсы жұмыс істегіміз келеді. Менің ұлым мен қызым бар. Мен басқаның өмірін қатерге тіге алмаймын", деп Президенттен сөзіне құлақ асуын сұрады.

Бейнеүндеуді телеграм арнамыздан көре аласыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер