«Қызылға өтіп кеткен»: Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

4967
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнгі сағат 02:40 шамасында болған.

«Toyota Camry Сембинов көшесімен келе жатқан. Кенесары көшесімен қиылыста ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан»,– делінген хабарламада.

Toyota Camry көлігін тізгіндеген жүргізуші мен Mercedes-Benz-тің ішінде болған жолаушылар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер