«Қызылға өтіп кеткен»: Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

5583
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/4b6d8b3d-870b-45b4-99d6-74f2ad34b492.jpeg
Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнгі сағат 02:40 шамасында болған.
«Toyota Camry Сембинов көшесімен келе жатқан. Кенесары көшесімен қиылыста ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан»,– делінген хабарламада.
Toyota Camry көлігін тізгіндеген жүргізуші мен Mercedes-Benz-тің ішінде болған жолаушылар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полиция ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments