Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып тастады

3471
Adyrna.kz Telegram
Фото: nege.kz
Фото: nege.kz

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматына қару қолданған. Оқиға 5 мамыр күні Жалал-Абад облысы, Ала-Бұқа ауданы, Ақтам ауылдық кеңесінің Добо-Қорған елді мекенінде болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “24.kg” сайтына сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, үш қырғызстандық азамат жарақат алып, Ала-Бұқа аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар сол жерде ес жимастан қайтыс болған.

«Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қырғыз Республикасының Ала-Бұқа бағытындағы шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағытындағы шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тергеу қорытындылары бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға уағдаласты. Факті бойынша тергеу шаралары басталды» деп хабарлайды Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер