«Асанәлі» жүлдесі табысталады

2791
Adyrna.kz Telegram
Фото: oner.kz
Фото: oner.kz

2022 жылы 8 мамырда Алматы музейінде Асанәлі Әшімовтың 85 жасқа толуына орай «Асанәлі» жүлдесі табысталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

«Асанәлі» жүлдесі — Қазақстанның кино және театр өнері саласында талмай еңбек етіп жүрген өнер майталмандарының кәсіби деңгейін шыңдау үшін, елеулі еңбектерін бағалау үшін берілетін жүлде.

Еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, кино саласындағы елеулі жетістіктері үшін берілген тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, түрлі ордендер мен марапаттардың иесі, отандық мәдениет саласының мақтанышы Асанәлі Әшімов — бүкіл посткеңестік кеңістікте көрермендердің шынайы ықыласына бөленген жан.

«Асанәлі» жүлдесін табыстау салтанаты Алматы музейінде (Қабанбай батыр, 132) 8 мамыр сағат 15.00-де өтеді. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер