Басқарманың биылғы жылғы жоспарына 15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету енгізілген болатын. Қазіргі таңда, елді мекендерді талшықты оптика желісімен қамтуға қажетті құрал-жабдықтар алынып, Самал-3 елді мекені жеке инвестор қаражаты есебінен толық талшықты оптика желісімен қамтылды.
Қазіргі таңда, инвесторлар тарапынан Забадам, Қазығұрт, Құрсай және Солтүстік-Батыс елді мекендерін талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары атқарылуда.
Тиісті жұмыстар атқарылса, жыл соңына дейін 134 620 қала тұрғынына сапалы интернет қолжетімді болады.