Сарапшылар: Ертаевта өте маңызды ақпарат бар. Ол қазақстандық банктерді құртып жібере алады

2647
Adyrna.kz Telegram

14 мамырда Мәскеуде үй қамақта отырған Жомарт Ертаев Қазақстан азаматтығынан бас тартуға арыз жазды. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Ертаевтың адвокаты, мәскеулік "Лексум" адвокаттар коллегиясының басшысы Алексей Петров мәлімдеді.

"Біз бүгін Қазақстан азаматтығынан бас тартуға арыз жаздық", – деді Петров.

Алексей Петров желіге тараған Жомарт Ертаевтың өз арызы екенін растады. Тұтқындағы банкир қылмыстық іске қатысты өз ұстанымын айтып, азаматтықты не үшін ауыстырғысы келетінін түсіндірген болатын.

Ертаев "Қазақстан мен Ресей президенттерінің ортақ экономикалық, мәдени, құқықтық және ақпараттық кеңістік құруға бағытталған саясаттарын үнемі қолдап келгенін, қолдай да беретінін" айтты. Банкир  интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы болуды үнемі қалағанын, бірақ саясатпен айналыспағанын, айналыспайтынын да мәлімдеді.

"Мәскеуде үш жыл тұрып, интеграцияның маңызды бөлігі болып табылатын жобаны дамытып жатырмын: біз Қытайдан Батыс Еуропаға бағытталатын телекоммуникация торабын құрудамыз, ауқымды жобаның бірінші кезеңі – Қазақстан мен Ресей арасындағы торап. Бұл жобаның екі мемлекет үшін де қаншалықты маңызды екенін түсінемін, жастарымызға қандай болашақ беретінін ұғынамын, алдымда маңызы зор мәселе тұрды. Интеграциялық процестерді барынша тиімді басқару үшін Ресейге көшу шешімін қабылдауға мәжбүр болдым. Сондықтан үш жыл бұрын Ресейге көшіп, Ресей Федерациясы аумағындағы заң талабына қатысты әрекеттерді бастадым. Уақытша тұруға арыз жазып, кейін заңға сәйкес мерзімде РФ азаматтығын алуға арыз бердім. Заңға бағына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу шешімін қабылдауға мәжбүр болдым, өйткені екі елдің азаматтығын қатар алуға тыйым салынған", – деді Жомарт Ертаев.

Ол ҚР ІІМ баспасөз мәлімдемесіндегі сөздерді мысалға келтіре отырып, өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды.

"Журналистер мен барлық қызығушылық танытқан адамның назарын мынаған аударғым келеді, Ресей мен Қазақстанның қылмыстық Кодекстерінде "лоббизм" деген қылмыс жоқ. Осылайша мен ешқашан Bank RBK-да жұмыс істеген жоқпын, ұйымның штатында болған емеспін, ол жақтан айлық алмадым, банк акционерлердің құрамында болмадым, бұны ашық дереккөзден тексеру оңай. Сәйкесінше несие беру жұмысына ықпал ете алмайтын едім, біреудің қызығушылығына орай жұмыс істейтіндей мүмкіндігім болған жоқ", – деді Ертаев.

Естеріңізге салайық, Мәскеуде 8 мамыр күні Қазақстан ІІД Интерполының Ұлттық орталық бюросының сауалымен банкир Жомарт Ертаев ұсталды.

Ертаевтың аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүргені айтылды.

Ол Bank RBK АҚ директорлар кеңесінің төрағасы бола тұрып жалған ЖШС-ның 80 миллион АҚШ долларын банктен қарыз ретінде алуын мақұлдаған. Сондай-ақ қарызды қайтармауға ықпал ететін әрекет жасаған.

Ресейлік БАҚ Мәскеуде банкирдің ұсталғанын хабарлаған едіToday.kz оқырманға Жомарт Ертаевтың өмір жолынан үзінді ұсынды.

Кейбір сарапшылардың сөзінше, Ертаевта өте маңызды ақпарат бар, бұл ақпарат қазақстандық банктерді құртып жібере алады.

Қазақстандық банкирдің Ресей азаматтығын алуды сұрағаны белгілі болды.

______________________________________________________________________________________________________________   today.kz

Пікірлер