Фейк: «Димаш Құдайберген оппозициялық партияға қосылуға шақырды»

1750
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл фейк, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы stopfake.kz сайтына сілтеп.

Бұл жаңалықтың дереккөзі – qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты.
Бұл парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған «жаңалықтар» ғана шығарылады.
Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер