Qnet компаниясының Қазақстандағы басшылығы тергеуге алынды

2971
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Qnet халықаралық компаниясын Қазақстанда қаржы пирамидасы деп танылды. Сондай-ақ компанияның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы тергеуге алынды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысындағы аумақтық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысындағы аумақтық департаменті "Qnet"компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған. 

Агенттіктің айтуынша, компания Қазақстан аумағында тіркелмеген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банк қызметі мен банк операцияларын жүргізуге лицензиясы, рұқсаты жоқ. 

Бұған қоса, іс фигуранттарының біріне қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, Qnet – QI тобының негізгі еншілес кәсіпорны. 1998 жылы негізі қаланған. Гонконгте орналасқан, тікелей сатылым мен көп деңгейлі маркетингті пайдаланады. Компания қаржы пирамидасын құрды деп бірнеше рет айыпталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер