КТК телеарнасының акцияларын Назарбаев сатып алғаны рас па?

2790
Adyrna.kz Telegram
"Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ КТК телеарнасы акцияларын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев сатып алды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Бұған дейін бірқатар басылым Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды деп хабарлаған болатын.
"Тұңғыш президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпарат жаңсақ екенін мәлімдейміз", - делінген хабарламада.
КТК телеарнасы 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акция орналастырған. Оның ішінде 2 396 156 акцияны КТК телеарнасының ірі акционері – "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" жеке қоры сатып алған.
"Оқырман қауымды жаңылыстырмау үшін әріптестерімізден болашақта ресми ақпаратқа сүйенуді және популистік тақырыптардан аулақ болуын сұраймыз", - делінген мәлімдемеде.
“Адырна” ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер