Ресей президенті Владимир Путин Кремльде болуы мүмкін қастандық қаупін тоқтатуға көшті. Агрессор ел басшысының жақын туысқандары іс жүзінде тұтқынға алынды, деп мәлімдеді Әлеуметтік-экономикалық трансформация институтының директоры Илья Несходовский Facts басылымына берген сұхбатында. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.
"Әңгіме олардың ата-аналары, балалары, әйелдері туралы болып отыр. Яғни, бұл адамдар бірінші адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке пәтерлерде бақылауда отыр және егер қандай да бір жағдай орын алатын болса, ол барлық отбасыларды толық құртады. Бұл КГБ стилінде болмақ", - деді ол Facts басылымына берген сұхбатында.
Сарапшы Путиннің өз айналасындағы жақын адамдарының ішінен одан сырт айналып, сатып кеткендерді аулай бастағанын растады.
"Сурков бірнеше күн бұрын қамауға алынды, Сергей Беседаны үй бақылауынан Лефортовоға ауыстырды, Шойгу көптен бері ел алдына шықпады, ол инфаркт алды деген ақпарат бар. Бұл тек алғашқы адамдар. Егер соғыстағы жеңіліске кінәлілерді табу қажет болса, дәл осы шенеуніктер мен генералдар кінәлі болып шығады", - деді ол.
"Адырна" ұлттық порталы