Ресей сыртқы қарыздары бойынша дефолтқа ұшырады - дереккөз

3201
Adyrna.kz Telegram

Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің мәлімдеуінше, Ресейдің сыртқы қарызы бойынша дефолт жарияланды, себебі сыртқы қарызды төлеуге доллардың жоқшылығынан рубльмен төлеуге ұмтылды - деп хабарлайды CNN ақпарат жүйесі S&P сілтеме жасап.

Агенттік мәлімдемесінде Ресей 4 сәуірде мерзімі бітетін долларлық екі облигация үшін рубльмен төлеуге тырысып жатқанын айтты. Бұл «таңдамалы дефолтқа» тең, деп атап көрсетеді S&P – селективті дефолт бүкіл қарыз бойынша емес, нақты міндеттемелерді орындамау бойынша жарияланады.

CNN толық валюталық дефолт Ресейде бір ғасырдан астам уақыт ішінде бірінші рет орын алғанын атап өтті - Владимир Ленин соңғы рет патша үкіметінің облигациялары бойынша міндеттемелерден бас тартқан болатын.

Жұма күні таңертең Кремль «таңдамалы» дефолтке ұшырау қаупіне қатысты түсініктеме берді: Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл «тек осындай техникалық, жасанды дефолт болуы мүмкін» және «мұндай дефолтқа объективті себептер жоқ» деді. Өйткені Ресейдің қарыз міндеттемелерін өтеуге қажетті мүмкіндігі бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер