Жұмыс жасайтын әр қазақстандық баспаналы бола алады - Нұрсұлтан Назарбаев

2533
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрбір жұмыс жасаушы азамат пәтер ала алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана қаласынның "Бейбітшілік және келісім" сарайында Президент төрағалығымен XXVI халықтар ассамблеясының XXVI сессияcы өтіп жатыр. Өз сөзінде елбасы бұрын жарияланған "Бес әлеуметтік бастама" бағдарламасының кей жете сұрақтарына тоқталды.  Соның бірі - қол жетімді баспана.

"Алғашқы бастама баспанасы жоқ азаматтарға үй алуға болатын жаңа мүмкіндіктер береді. Қолжетімді баспана алуға болатын несиелердің кей мәселелерін шешіп отыр. Біз барлығымыз баспана маңыздылығын білеміз.Сондықтан да бұл мәселені бірінші орынға қойып отырмын. Маңыздысы сол, әр жұмыс жасайтын қазақстандық жаңа несие шарттарымен баспанаға қол жеткізе алады. Біз бәрін санап шықтық. Бір үйден екі адам жұмыс жасайтын бір отбасы үшін 50-60 шаршы метрлік 2 бөлмелі үй несие бойынша  отбасылық бюджетке ауырлық туғызбайды. Алғашқы салым 20 пайыздан аспайтындықтан, салымшылар 25 жыл көлемінде арзан несие төлеуге мүмкіндігі бар.Бұл отандастарымыздың алғашқы миллионы. Әсіресе, жаңадан жұмысқа орналасқан жастар мен жас отбасылар осы бағдарламамен баспаналы бола алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

________________________________________________________________________________________________________

Tengrinews.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер