Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

2916
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда қайталама тұрғын үй бағасы рекордтық деңгейге өсті. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға көтерілді. Бұл соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ,  жаңа құрылыстардағы өсім мардымсыз – 0,4 пайызды құрайды.

Нұр-Сұлтан  қайталама жылжымайтын мүліктің бағасы ең көп өскен қала (10 пайызға жуық). Мұнда бір шаршы метр орта есеппен, 590 мың теңгені құрайды. Баға динамикасы бойынша, ең төмен баға Атырау мен Талдықорғанда. Ал Алматы қаласында пәтерлер шамамен,  үш пайызға қымбаттады.

Бірінші несие бюросының сарапшылары бұл 20 ақпандағы деректер деп хабарлайды.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер