Қазақстанда әйел құқын қорғайтын партия ашу керек!

1335

Азаттық сайтынан "нұр отан" партиясының мүшесі,мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің еркек тұрғанда қатын сөйлемеу керек деген сөзін естіп,жағамды ұстадым.

Ана мен әйел құқығын аяқ асты етіп,жыныстық дискриминацияға шақыратын бұндай сөзді"нұр отандық" Еділ Жаңбыршин қандай дүниетанымға сүйеніп айтты?

Естеріңізде болса кезінде істі болып,діни экстремизммен ұзақ жылдарға сотталған ауғандық Исматулланы жан-тәнімен қолдаған осы Еділ Жаңбыршин еді.

Ал Исматулла жетекшілік еткен жамағат теократиялық Ирандағы аятолла-дінбасыларымен тығыз байланыста болған-ды.
Осы оқиғалар туралы мен арнайы "Шырмауық"деген деректі кітап жазғанмын және Иранның Қазақстандағы діни пропагандалық parstoday.com сайтын бұғаттауға бар күшімді салғанмын.

Мені көп мазалайтын сұрақ,біз осы қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

Діни-теократиялық па,әлде зайырлы-демократиялық қоғамда ма?!
Әйелдерді зат-тауар деп есептейтін, ортағасырлық құл-күң иеленушілік формациялық санадан қашан арыламыз?!

Менің принципиальды көзқарасым-қазақ қоғамына Еділ Жаңбыршин,Мұхамеджан Тазабек,Бекболат Тілеухан,т.б сияқты патриархалды(мизогин)өктемшіл еркектерден -- аналар мен қыз-келіншектердің құқығын қорғап,әлеуметтік мәселесін шешіп, мәртебесін өсіретін партия құру керек.

Партия басшылығына білімді һәм потенциалы жоғары,саясат пен экономика,заң және қаржы,т.б салаларды өте жақсы меңгерген,яғни билікке лайықты әпке-апаларымызды ұсынсақ..
Мысалы мен өз басым экс-сенатор,қазір азаматтық секторда адам құқығы мен әртүрлі қоғамдағы қордаланған проблемаларды шешуге бар күшін салып жүрген Зауреш Батталова ханымды құп көремін.

Ал сіздер қандай (әпке-апа,
қыз-келіншектер)тұлғаларды ұсынар едіңіздер???

Тұрарбек Құсайынов

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket