Алматы облысында 1500 адамға жұмыс беретін логистикалық хаб ашылады

2328
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен «AIRBA FF» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, «Технодом» компаниясының негізін салушы Эдуард Ким осындай меморандумға қол қойды.

Алдағы таңда Алматы облысында А+ класты автоматтандырылған, алаңы 200 мың шаршы метр болатын Қазақстандағы ірі логистикалық хаб салынады. Соның нәтижесінде облысқа 200 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылады.
Қол жеткізілген келісімге сәйкес маңызды инвестициялық жоба алдағы 5 жылда бірнеше кезеңмен іске асырылады. Кешен Іле ауданында орналаспақ.

Жалпы «AIRBA FF» ЖШС — цифрлық технологияларды топтастырумен қатар қойма инфрақұрылымын, курьерлік жеткізу қызметін, тапсырысын клиенттің өзі барып алатын пункт ретінде де нақты секторда жұмыс істейді. Бұл – қоймалау, магистралды логистика, клиенттер пен серіктестерге жеткізіп беру ісімен айналысатын еліміздегі тұңғыш оператор.

- Бұл - бұрын Алматы облысында болмаған өте тартымды әрі маңызды жоба. Заманауи цифрлық технологияларды қолдану ерекшелігін ескерсек, нағыз жаңа дәуірге лайық деуге болады. Біріншіден, біздің аграрлық саладағы шаруашылықтарымыздың өз өнімін өткізуіне жағдай жасайды. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі өнім көлемінің 28-30%-ін Алматы облысы өндіретінін ескерсек, бұл - біз үшін үлкен мүмкіндік. - деді Қ.Бозымбаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер