Маңғыстауда жыл сайын 1 мың адам жұмыспен қамтылады

1846
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысына ауызсу мәселесі қалай шешілмек және халықты еңбекпен қамту барысы қалай жүріп жатыр. Аталған мәселелерге қатысты Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев түсінік берді. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары кешенді түрде жүзеге асып жатыр. Жоспарға сәйкес 2 трлн 200 млрд теңгенің іс-шарасы жоспарланды. Қарастырылып отырған қаржының 65 пайызы жұмыспен қамту, сосын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады. Ал көктем келе жатыр. Біздің өңірге тән мәселенің бірі ауыз су тапшылығы. Сала мамандарының айтуынша, жылдың наурыз-қыркүйек айы аралығында тәулігіне 50 мың текше метр ауызсу тапшылығы байқалады. Осы орайда маңғыстаулықтарды ауызсумен қамтамасыз етуді «Астрахань-Маңғыстау» су құбыры арқылы жетілдіре түсу көзделіп отыр», - деді Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, облысы басшысы аймақтағы жұмыссыздық мәселесін көтерді.

«Өңірдегі жұмыссыздық мәселесін жою мақсатында қазіргі уақытта «Мен жұмыс істеймін», «Жастар практикасы» және тағы сол сияқты бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Аталған бағдарламалар аясында жыл сайын мыңдаған адамдар жұмысқа орналасып жатыр. Бұл шара одан әрі өз жалғасын табады», - дейді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер