Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай велосаяхатшы Еуропаны бағындырмақ

2047
Adyrna.kz Telegram

Қысқы велошеруден ел рекордын орнатып, 150 шақырымды 9 сағат 56 минутта бағындырған журналист, велосаяхатшы Ернат Мелсұлы Еуропаға велосипедпен саяхаттамақ.  Бұл туралы Ернат Мелсұлы «Қазақ радиосындағы» «Қандастар» хабарында берген сұхбатында мәлімдеді,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұлт ұстазы Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 жылдық мерейтойына орай Ернат Мелсұлы Нұр-Cұлтан қаласынан Париж қаласына дейін велосипедпен баруды жоспарлап отыр.

Бұл саяхаттың мақсаты – Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болғандықтан ЮНЕСКО-ның орталық штабына бару. Сонымен қатар жол бойы әр мемлекетте тұратын қандастармен жолығу, - дейді велосаяхатшы.

Жол-жөнекей ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, шет елдерде жерленген қазақ тұлғаларының зияратына барып, құран бағыштау.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер