99 жыл бұрынғы жала не еді? Міржақып Дулатұлының өз қолымен жазған қолжазбасы табылды

1941
Adyrna.kz Telegram
Сурет: М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ресми парақшасынан
Сурет: М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ресми парақшасынан

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының өз қолымен жазған қолжазбасы табылды. Бұл туралы бүгін, 10 ақпанда Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкерлері Насихат Мұрсалимова мен Жанат Салтақова мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қолжазбада ақынның сол кездегі Қазақстан баспасөз комитетінің баспасөз бөлімінен «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған жаладан өзін қорғауын, мәселені оң шешіп беруін өтінеді.

«Хат 1926 жылы 9 қыркүйекте төте жазумен, қызыл сияда жазылған. Көлемі – 2 бет. Қолжазбаның соңғы жағында М. Дулат (Мадияр) деп қол қойылған», - деп түсіндірді институттың баспасөз қызметі.

Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының баспасөз қызметі таратқан мәліметте "жала" туралы таратып айтылмаған.

Белгілісі - Міржақыптың «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы 8 шілдедегі №145 санында жарияланған «Он алтының ойраны» атты 1916 жылғы атышулы оқиғаның ақиқатын айтқан мақаласы бар. Мұнымен қоса «Жаңа мектеп» журналының 1926 жылғы №11-12-13 сандарында «Торғай уезіндегі 1916 жыл уақиғасы» атты «Торғайлық» деген бүркеншік атпен М.Дулатовтың көлемді мақаласы жарияланды. Оның мақаласының басы «Татыр соғысы» деп аталып, онда маусым жарлығына қарсы келгендерді басуға Торғай уезі басшысы Ткаченконың басшылығымен 80 шамалы атты казактың елді дүрліктіріп, ұсталғандарды ұрып-соққандығы айтылады.

Журналист, жазушы Жұмат Әнесұлының жазуынша, 1921-1922-жылдарғы ашаршылық та елді күйзелтіп жіберді.  Ел енді еңсесін көтере бергенде, тап күресі, дінге қарсы күрес күшейе түсті. Қазақ еліне келген ең үлкен ауыртпалық Қазақ үкіметінің басына Голощекин келгеннен кейін басталды.  Ең әуелі ол А.Байтұрсынов негізін қалаған төтенше ғаріпті латыншаға көшіру мәселесін көтерді. Одан кейін байларды кәмпескелеу науқанын бастап кетті. Голощекиннің  осы әңгүдік саясатынан кейін статистикалық деректерге қарағанда, қазақтың жалпы саны екі есеге жуық кеміген. Мал басы ең төменгі көрсеткішке жетіп, нәтижесі ел 1932-1933-жылдары тағы да аштыққа ұшыраған. Голощекин алқалы жиындарда тап күресін ушықтыра түсті. Әсіресе, Алаштың оқыған азаматтарына қысым көрсетуді, қуғындауды күшейтті.

Ақырында 1928 жылы М.Дулатовты  Қызылордада қызмет істеп жүрген жерінен тұтқындалады. Бірер күннің ішінде А.Байтұрсынов, Х.Досмұханбетов, М.Әуезов, Ж.Ақбаев  және басқада көптеген Алаш қайраткерлеріде түрмеге жабылған. А.Байтұрсынов бастаған бір топты сосын  Алматы түрмесіне жөнелткен. М.Дулатов, Юсупов, Ж.Аймауытовты Мәскеудің Бутырка түрмесіне апарып, М.Дулатовты жалғыз кісілік камераға қамаған. Аяулы Жахаңа (Міржақып) қағаз қалам бермеген, хат жазуға рұқсат етпеген. М.Дулатовтың Алаш партиясының белді көсемдерінің бірі болғанын Қазақ автономиясын басқарып тұрған Голощекин де, НКВД-ның комиссары Дзержинский де жақсы білген. Бутыркада М.Дулатовтың  өте қатаң жағдайда ұсталуы да осылардың тікелей бұйрығымен істелген деуге болады.

Тек, екі жылдан кейін, 1931 жылы  Мәскеуде үштік сот болып, М.Дулатовты Ақтеңіздегі Сосновец аралына айдауға жібереді.  Бутыркада жатқанда астма ауруына ұшыраған Міржақыптың дертін Сосновецкінің ылғалды ауасы одан әрі асқындырып жіберген. Соңынан Міржақыптың сондағы лазаретте бақилық болғаны айтылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер