"Мұғалімдерді енді директор қабылдамайды" - Аймағамбетов жаңа мәлімдеме жасады

16581
Adyrna.kz Telegram

Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары әзірленіп, қабылданды. Қысқаша айтқанда, бұдан былай директорлардың өз қалауы бойынша мұғалімдерді өзі жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Енді нақты критерийлер белгіленіп, мұғалімдер жұмысқа қызметінің нәтижесі мен жетістіктері негізінде конкурс арқылы орналасады. Биыл бұл рәсім цифрлық форматқа көшіріледі, – деп жазды Аймағамбетов өзінің фейсбук парақшасында.

Осы орайда министр есеп беруді азайту және мұғалімдерді артық жұмысқа тарту мәселесі қатаң қадағаланатынын ескертті.

2021 жылы жаңа заңның нормаларын бұзғаны үшін (артық есептерді талап ету, қызметтік міндетіне жатпайтын жұмысқа тарту және т.б.) білім беру ұйымдарының жүздеген басшысын және өзге де лауазымды тұлғаларды жазалауға тура келді. Бұл жұмыс жалғасатын болады, – деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Пікірлер