ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин қамауға алынды

2255
Adyrna.kz Telegram

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин тұтқындалды, оған не айып тағылғаны белгісіз. Сот оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы interfax.ru-ге сілтеме жасап.

"К.Мәсімов, А. Садырқұлов және Д. Ерғожинге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлаймыз. Қылмыстық іске "өте құпия" белгісі берілді", -  делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов қамауға алынған болатын. Ерғожин үшін бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қаралды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер