Білім беру бойынша үздік елдер: Қазақстан қай орында?

4943
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы білім беру бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің арасында 71-орынға ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылы төртінші тоқсанда білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы 219,2 мың теңге болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 24,2% артық.

Сектордағы жалақының нақты сатып алу қабілеті бір жылда 14,3% өсті.

Қазақстанда орташа айлық жалақы – 275,6 мың теңге, бұл білім беру саласындағы жалақыдан 25,7% артық. 2020 жылғы ұқсас кезеңде білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы – 176,5 мың теңге болды, бір жылда плюс 25,9%.

Сектордағы ең жоғары жалақыны жоғары білім беру қызметкерлері (299 мың теңге), ал ең төмен жалақыны мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері (112,6 мың теңге) алады. Орта білім беру секторында қызметкерлер – 246,9 мың теңге, қосымша білім беруде – 203,7 мың теңге, бастауыш білім беруде – 180,1 мың теңге, білім берудің басқа түрлерінде – 175,4 мың теңге алады.

Елордада білім саласындағы қызметкерлер басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары жалақы алады – 344,5 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7% артық. Үздік үштікке Алматы (265,4 мың теңге) және Алматы облысы (247,4 мың теңге) енді. Батыс Қазақстан облысындағы білім беру саласындағы қызметкерлері басқа өңірлермен салыстырғанда ең аз жалақы алады: 181,7 мың теңге.

Өткен жылы төртінші тоқсанда секторда 1,1 млн адам жұмыс істеді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1% көп.

Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі Түркістан облысында: 142,9 мың адам, бір жылдағы өсім – 3,2%. Үздіктердің қатарына Алматы облысы (128,6 мың адам) және Алматы (91,2 мың адам) енді. Білім беруде жұмыспен қамтылғандардың үлесі Солтүстік Қазақстан облысында: 35,2 мың адам.

US News & World Report білім беру бойынша үздік елдердің 2021 жылғы рейтингінде Қазақстан 78 елдің арасында 71-орынды иеленді.

Сарапшылардың пікірінше, рейтинг көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия болды. Ең соңғы орында – Гватемала.

Рейтингте ТМД елдерінің арасында Қазақстан тек Өзбекстанды басып озды. Ресей, Украина, Беларусь және Әзербайжанның көрсеткіштері елімізден жоғары.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер