Тілеухан кешірім сұрады, сот кінәсіз деп тапты

3434
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы депутат өзін эмоционалды түрде дөрекі сөйлегенін мойындады, деп жазады "Адырна" порталы. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-депутат Бекболат Тілеуханды Vesti.kg сайтының тілшісі Айнұр Қоскинаға күш қолданғаны үшін кінәлі емес деп тапты.

«Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты бұл іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын», - деп хабарлады судья.

Тараптар 10 күн ішінде апелляциялық шағым бере алады.

"Судья, көріп тұрсыз ба, мен қатты эмоционалды адаммын. Мен оны ұрдым деп ойламаймын, бірақ өз ойымды эмоционалды түрде білдіргенімді мойындаймын. Айнұр Қоскинадан ауыр айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын", - деді Бекболат Тілеухан сот барысында.

Журналист өз кезегінде татуласу мүмкіндігінен бас тартты. Оның адвокаты Әсел Тоқаева экс-шенеуніктің кінәсін және оның әкімшілік жазаға тартылғанын қалайтынын алға тартты.

«Бұл шешімге шағымданамыз.Мен судьяның Бекболат Тілеуханның ондай ниеті болған жоқ деген сөзіне тоқталғым келеді. Олай болса, біздің елде біреуді ұрып-соғуға болады да, сосын ондай ниеті болған жоқ деп, құтылып кетуге бола ма? «Неге мен осы уақытқа дейін соңына дейін бардым, өйткені журналистерге деген осындай көзқарас көп. Қоғамдық алаң, қоғамдық адамға сұрақ қойылады деген түсінік жоқ», - деді Айнұр Қоскина.

Ол Бекболат Тілеуханның отбасына қатысты жеке сұрақ қоймағанын, оның саясаткер ретінде пікірін білгісі келгенін баса айтты.

"Процесс бірде Telegram-да бірде WhatsApp-та болып ұзақ уақытқа созылды. Бірақ бүгін Бекболат Тілеухан сотта процестің тезірек аяқталуын қалайтынын мәлімдегенде, сағат 22.00-де судья шешімді оқитынын айтты, бірақ кейінге қалдыруға да болар еді», - деп атап өтті журналист.

Экс-депутаттың адвокаты Болат Тастыбаев екінші рет сот-медициналық сараптама тағайындауды сұрады.

Жиында сот-медициналық сарапшысы Әшіров те сөз сөйледі. Оның айтуынша, журналист сол жақ қабырғалық самай аймағы мен оның оң иықтың артқы беті жарақат алған. Ол видеоматериалдар бойынша экс-депутат Айнұр Қоскина көрсеткен дене бөліктеріне қол тигізгенін растады. Алайда келтірілген залал нақты осы оқиғаға қатысты деп айтуға болмайды.

"Дене жарақатының әрқашан зиян келтірген нысанға сәйкес келе бермейді. Өзін-өзі зақымдау мәселесі медициналық сарапшының құзырында емес. Бұл салыстырмалы ұғымдар, біз мұның нақты жауабын бере алмаймыз», - деді Әшіров.

Адвокаттар медициналық сараптамадан зардап шегушіге соққының күші қандай болғанын түсіндірді.

"Әр адамның соққыны қабылдауы, қан тамырларының күйі әр түрлі. Біреу үшін көп, біреу үшін азырақ күш қолдану керек. Қандай күш қолданылғанын айта алмаймын. Бірақ дене көгеретіндей күш қолданылғаны анық», - деп қосты медициналық сарапшы.

Оқиға кезінде лифтте болған Мәжіліс аппаратының қызметкері Данияр Сейфуллиннің айтуынша, экс-депутат қойылған сұрақтарға ұстамдылықпен жауап берді.

"Мен лифтте ұрған соққан жағдайды көрмедім. Бекболат Тілеуханның тек штативті итеріп жібергенін көрдім", - дейді Данияр Сейфуллин.

Алайда адвокат Әсел Тоқаеваның лифтте нақты не болғанын сұрағанына ол жауап бере алмады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер