Әскерден есінен алжасып оралған сарбаздың жағдайы оңалды

1073

Әскерден есінен алжасып оралған 19 жастағы Ренат Жеткергеновтің жағдайы оңалды. Ол Қызылорда психиалық-денсаулық орталығынан емделіп шығып, қазіргі таңда есін жинаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Orda.kz мәліметінше, Ренат орталықтан шыққаннан кейін алғаш рет ата-анасын таныған. Анасы Айғаным Ізбасарова ұлының дерті қайта келе ме деп, оған артық сұрақ қоймайтынын жасырмады.

«Ауруханадан шыққанына 5 күн болды. Ауру күшейіп кете ме деп одан ештеңе сұрамаймыз, мазалаудан қорқамыз. Дәрі-дәрмегін береміз. Басынан өткен сұмдықты еске түсірмеуге тырысамыз» деді Ренаттың анасы Айғаным.

Ренаттың жағдайына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Енді ол сараптамалардан өтуі керек.

«Ренатқа сот тергеуі аясында бірқатар сараптама тағайындалды, бірі Алматыда өтеді. Ол үшін Ренат Жеткергеновті Қызылордадан Алматыға алып бару қажет. Бірақ оған 500 мың теңге керек. Бұған жол жүру, Алматыда тұру, тамақ кіреді. Ата-анасында мұндай ақша жоқ» дейді Жеткергеновтар отбасының адвокаты Нұржамал Баянова.

19 жастағы жігіттің ата-анасы сараптама шығынын кінәлі тарап өз мойнына алса деп ниет білдірді.

«Отбасымызда не болғанын, қандай қиын жағдайда тап болғанымызды бәрі біледі. 3-4 ай бойы ақысыз демалыстамын, мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Күйеуім жұмыссыз. Шынымды айтсам, Аралдан Қызылордаға бару үшін көп қаражат кетті. Ренат ауруханада жатқан облыс орталығында тұру да қымбат болды. Сондықтан сараптамаға бару үшін ұлым борышын өтеген 25744 әскери бөлімі шығынды өтеуі керек. Сол жерде ол осы жарақаттарды алды» деді Айғаным Ізбасарова.

Отбасының адвокаты Баянова осындай ұсыныс бойынша ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Марат Құсайыновтың қабылдауына жазылған.

Еске салсақ, 19 жастағы Ренат әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін ата-анасын танымай қалған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket