Чили президенті жаңа үкімет құрамына үй қызметкерін тағайындады

3091
Adyrna.kz Telegram

1 ақпанда Чили президенті Габриэль Борич Twitter-де елдің жаңа үкімет құрамын жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Чили президентінің мәлімдемесінен оның болашақ министрлердің орынбасарларын тағайындағаны, олардың бірі 15 жылдық тәжірибесі бар үй қызметкері екені белгілі болды.

Әйелдер және гендерлік әділет министрінің орынбасары болып Лус Видаль Уирикео тағайындалды. Әйелдің қысқаша өмірбаянында оның Чили астанасындағы әртүрлі отбасыларда 15 жыл үй қызметшісі болғаны туралы ақпарат кездеседі.

Сондай-ақ, ол бұрын басқарған үй жұмысшылары кәсіподағының Лус Видальдың министрдің орынбасары болып тағайындалуын құптағаны хабарланды. Әйелдің өзі де президентке тағайындағаны үшін алғысын білдіріп, елдегі барлық әйелдерді абыроймен көрсетуге тырысатынын айтты.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер