Мұғалімдер арасында ақша жинау әлі де тоқтар емес - БҒМ

3764
Adyrna.kz Telegram

Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетіне білім беру қызметкерлерінен түрлі жағдайда ақша жинауға қатысты аноним шағымдар тұрақты түрде түседі. Бұл туралы ведомство өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Астана.тв арнасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдер арасында ақша жинауға қатысты жанжал шықты. Сонымен қатар, білім беру қызметкерлері мәселені сыртқа шығаруға ұмтылмайды. Зайсан қаласындағы балабақша меңгерушісі мемлекеттік аттестациядан өту үшін әріптестерінен ақша жинап алған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, маман жұмыстан босатылған.

"Бізге балабақша меңгерушісі мемлекеттік аттестациядан өтуге қаражат жинап жатқаны туралы 24 балабақша тәрбиешісінен өтініш түсті. Бұл мәселені құзырлы органдар қарап жатыр", - деді ШҚО білім беру қызметін лицензиялау басқармасының басшысы Сәуле Балтабаева.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер