Дау арасындағы Досаев: СПИД жұқтырған балалар мен “Жер дауы”

3119
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ғана Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Ерболат Досаев кім? Біз осы сауалға жауап іздедік. Сонымен...

Е.Досаев 2004 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрі болып тұрғанда Шымкент қаласында 150 бала Спид жұқтырды. Соның салдарынан ол отставкаға кетті.  Ал Ұлттық экономика министрі болып тұрғанда 1.7 млн гектар ауылшаруашылық жерін аукционға қою туралы заңды дайындады. Былай айтқанда,  ол — Қазақстанның жерлерін шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарына сатуға рұқсат беруге ұсыныс жасаған экс-министр. Соған байланысты ол 2016 жылғы "Жер сатуға қарсы" халықтың наразылықтарынан кейін өз еркімен отставкаға кетті.

Ал Forbes нұсқасы бойынша Ерболат Досаев екі жыл қатарынан, дәлірек айтсақ,  2013 және 2014 жылдары Қазақстанның ең бай 50 адамының тізіміне енді. Мәселен, оның 2014 жылғы байлығы 110 000 000 АҚШ доллары болды. Оған мұнай, мұнай кәсіпшілігі қызметтері, қаржы, байланыс, т.б кіреді. Ал 2013 жылы $114 000 000 байлығымен "ел аузында" жүрді.

Сондай-ақ ол бұған дейін ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған кезде де халық оның отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Жаңадан тағайындалған  Алматы қаласының әкімі халықтың ойынан шыға ма, жоқ па, миллиондаған тұрғыны бар әсем қаланы қалай дамытады, оны уақыт көрсетеді...

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер