Желіде көпшілік Қырғызстан мен Қазақстан құрамаларының киім үлгісін салыстырды

3418
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желі қолданушылары Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қырғызстан мен Қазақстан құрамаларының мүшелері үшін тігілген киім үлгісін салыстырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "24.kg" агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде екі ел құрамасының Бейжіңге аттанатын киім үлгісінің суреті пайда болды. Қырғызстандықтарды қазақстандықтардың стилі ғана емес, түстері де таң қалдырды.

Көпшілік суретке "Айырмашылықты сезініңіз" деп жазды.

Ұлттық Олимпиада комитеті отандық спортшылардың формасын Қырғыз Республикасының ҰОК серіктесі - қытайлық Tectop компаниясы тегін бергенін хабарлады. ҰОК пен Tectop 2018 жылдан бері ынтымақтасады және 2021 жылғы жазғы жарысқа дайындық ретінде Бейжің қысқы Олимпиадасының киіміне тапсырыс берілді.

Бұған дейін Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында спортшылардың парадтық формасы талқыға түскен еді. Спорттық құрал-жабдықтардан гөрі діни қызметкерлердің дәстүрлі киіміне ұқсайтын, бір жиынтық бағасы 95 000 сом болатын форма қырғыз халқына ұнамаған.

Еске сала кетейік, Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. Қырғызстанның намысын шаңғышы Максим Гордеев қорғайды. Ол 16 ақпанда өнер көрсетеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер