Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол бұған дейін ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған еді.
Ерболат Досаев 1993-1994 жж. – "Іскер" МАӨҚ менеджері, "Вега" ШК директорының орынбасары. 1994-1996 жж. – "Акцепт" Фирмасы" ЖШС директорының орынбасары, директоры. 1996-1997 жж. – "Акцепт" Корпорациясы" ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – "Алматы сауда-қаржы банкі" ЖАҚ басқарма төрағасы. 1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі. 1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комисиясы мүшесі. 1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы. 2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы. 2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі. 2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі. 2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі. 2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі. 2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – "Бәйтерек" ҰБХ басқармасының төрағасы. 2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
"Адырна" ұлттық порталы.