«4 594 500 теңге»: Олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі

2031
Adyrna.kz Telegram

Биыл елімізде дарынды балаларды қолдау бойынша жұмыс жалғасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда министрлік заңнамаға түзетулер енгізіп жатыр. Онда интеллектуалдық байқаулардың жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз, конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беру қарастырылған.

Сондай-ақ ведомство халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог-жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуге бастамашылық етті.

«Алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК (4 594 500 теңге), күміс медаль – 1000 АЕК ( 3 063 000 теңге),  қола медаль – 500 АЕК ( 1 531 500 теңге) көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр»,– деп мәлімдеді БҒМ баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер