Имам: Шариғатымыз қылмысты зерттеу үшін қабірді ашуға рұқсат береді (ВИДЕО)

7817
Adyrna.kz Telegram

Шариғатымыздағы жерленген адамның қабірін ашудың үкімі қандай? Бұл сұраққа Сансызбай Құрбанұлы жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мuftiat.kz сайтында жарияланған видеода Сансызбай Құрбанұлы мәйітті мәжбүр болған үш жағдайда ғана ашуға болатынын баса айтты.

«Ақиқатта біз адам баласын ардақтадық. Адам баласын Алла тағала ардақты қып жаратты. Ол тірі бола ма, бұл дүниеден өте ме бәрібір, ол абыройлы болады. Пайғамбарымыз қайтыс болған адамның, яғни мәйіттің сүйегін сындыру тірі адамның сүйегін сындырғанмен бірдей дейді», деді Құрбанұлы.

«Қабірді қайта ашу үкіміне келер болсақ, шариғатымызда оны бостан босқа ашу харам боп саналады. Қабір тек қана мұқтаж жағдайда ғана ашылады.

Мысалы жерленген адамның мәйіт жатқан жерін су басса, біреудің меншігіндегі жерде жерленсе, немесе қылмыстық жағдайды анықтау барысында мәйітті ашу арқылы ғана анықталатын жағдайда ғана рұқсат етіледі», деп түсіндірді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер