Қырғызстан мен Тәжікстан атысты толығымен тоқтату туралы келісімге келді

3315
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы атысты толығымен тоқтату жөнінде келісімге келді. Бұл туралы Қырғызстан Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Stan.kz сайтының мәліметінше, Баткен облысындағы президент өкілі, Баткен облысы бойынша шекара басшысы мен Тәжікстанның Соғды облысының губернаторы Раджабб Ахмазода мен құзырлы орган өкілдері арасында келіссөз жүргізіліп, мынадай шешімге келді:

  • Атысты толығымен доғару;
  • Шекараға тартылған қосымша күш пен техниканы кері қайтару;
  • Баткен-Исфана бағытындағы жолды ашу;
  • Шекаралас аймақтарды жанжалдың алдын алу мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстан құқық қорғау органдарының бірге торуылдауы.

Екі ел делегациясы жанжал басталған Торт-Кочо аймағына барды. Қазір Баткен-Исфана тас жолы ашық. 

Қырғызстан ұсынған жанжал себебі

Қырғызстан Шекара қызметінің мәліметінше, Торт-Коч аймағына 17:50 шамасында тас тиелген жүк көліктері келген. Тәжікстан азаматтары тасты түсіріп, Баткен-Исфана жолын жауып тастаған. Олармен бірге Тәжікстан шекарашылары бірге келген. Шекара өкілдері кездесіп, тас жолды қайта ашқан. Дегенмен жолдың ашылғанына қарамастан Чыр-Добо аймағында Тәжікстан Қырғызстан әскерилеріне оқ атқан.

Тәжікстан ұсынған атыс себебі

Тәжікстан Қауіпсіздік комитеті ұсынған деректерге сүйенсек, 27 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 17:20-да Баткен облысындағы Ақсай ауданының 50 шақты тұрғыны Ходжаи Аъло елді мекеніндегі көпірде жиналып, Тәжікстан азаматының көлігін тоқтатқан. 

Ведомство мәліметінше, ер адам Тәжікстан аумағында Ходжаи Аъло елді мекенінен Исфара ауданындағы Сомониен ауылына құм әкетіп бара жатқан. 

Хабарланғандай, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Баткен облысы мен Соғды облысының құқық қорғау органы өкілдері кездесу жоспарлаған. 

Комитеттегілердің сөзінше, қырғыз тарапы бұл кездесуге келмепті. 

"Мұның орнына жергілікті уақыт бойынша 18:10-да қырғыз шекарашылары атыс бекіністерінен Тәжікстан азаматтарына оқ атқан", - деді Тәжікстан Қауіпсіздік комитеті. 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер