Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды

2555
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/cwve7uyr.jpg
Ерлан Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Ерлан Қиясов бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істеп келді. Ол Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.  

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Комментарии