Түрмедегі күйеуіне барған әйел кір сабынның ішіне телефон тығып өткізбек болған

2649
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстауда әйел түрмедегі күйеуіне телефонды кір сабынға тығып өткізбек болған, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында сотталғандардың біріне арналған сәлем-сауқатты тексеру кезінде ұялы телефон табылып, тәркіленді. Қызметкерлер оны мекемеге келген әйелден тапты. Тыйым салынған зат кір сабынының ішіне жасырылған. Әйел құрылғыны күйеуіне осылайша жеткізбекші болған»,– делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Ақтау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер