Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қарулы бес жетекшісі ұсталды

6499
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қарулы бес жетекшісі мен топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан хабарлады.

«Антитеррорлық іс-шаралар барысында 4-6 қаңтар аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасауға қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен топ мүшелері ұсталды», - делінген хабарламада.

Күдіктілерден «ПМ», «ТТ» тапаншалары, кесілген шолақ мылтық, оларға арналған гильзалар, ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар алынды.

Болған жағдайға байланысты, Алматының Түрксіб ауданында 26 қаңтар күні сағат 00.00-ден 27 қаңтар күні сағат 00.00-ге дейін антитеррорлық операция режимі енгізілді.

«Арнайы және құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жалғастыруда.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауыңызды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауыңызды сұраймыз», - деді Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер