Алматы, Түркістан, Шымкент, тіпті Қырғызстанда да жарық өшіп қалды

1237

Алматылықтар жарық сөнгенін айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы тұрғындары электр энергиясын өшкені туралы шағым айта бастады. Алғашқы хабарламалар 25 қаңтарда сағат 12.08-де түсе бастады.

Алматы қаласында жарық жартылай өшіп қалды. Мысалы, "Қазақфильм", "Ақсай" шағынаудандарында және Жандосов көшесі мен Гагарин даңғылының қиылысындағы үйлерде жарық өшпеген.

Алматы көшелерінде бағдаршамдар жұмыс істемей тұр, жолдарда кептеліс пайда болды.

Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары да жарық өшкенін айтты.

Алматы әкімдігі өкілі жағдайдың себебін анықталып жатқанын айтты.

БАҚ мәліметінше, Қырғызстанда да электр қуаты өшіп қалған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket