Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін сынға алды

3313
Adyrna.kz Telegram

Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовты сынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

24 қаңтарда дүйсенбі күнгі таңертеңгі жиналыста мегаполис басшысы азық-түлік бағасы өскеніне назар аударды. Өткен аптадағы есепте Сағынтаев Бостандық ауданында осындай 21 заңбұзушылық, ал Түрксіб ауданында бірде-бір заңбұзушылық анықталмағанын айтты. Ол аудан әкімі Алтай Рахымбетовтен мұндай жағдай қалай болуы мүмкін екенін түсіндіруді сұрады.

- Біз, керісінше, күн сайын тексеру жүргіземіз, осындай фактілерді анықтаймыз және дүкен иелерімен бағаларды төмендетуге жұмыс істейміз, - деп жауап берді Алтай Рахымбетов.

- Түрксіб ауданында заңбұзушылық жоқ деп айтқыңыз келе ме, яғни аудан әкімі жұмыс істемей ме, - деп сұрады Алматы әкімі.

- Жоқ, олай емес, күн сайын мониторинг жүргізіліп отыратынын айтқым келген, - деді Рахымбетов.

"Егер күн сайын мониторинг жасасаңыз, онда заңбұзушылықтар болмауы керек. Бақылауға алыңыздар, бұлай болмауы керек", - деді Сағынтаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер