Қылмыскер полицейден кек алды

7193
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында бұрын сотталған адам кек қайтару мақсатында учаскелік полицейдің саусағын тістеп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Polisia.kz"-ке сілтеме жасап.

Ер адам рақымшылыққа ілігіп, түрмеден мерзімінен бұрын босатылған болып шықты. Орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Оның айтуынша, мас болып көшеде келе жатқанда бұрын өзін қадағалап келген учаскелік полиция қызметкерін кезіктірген. Одан кек қайтаруды ұйғарып, қызметтік көліктің әйнегін сындырып, полиция қызметкерінің саусағын тістеп алған.


"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер