Алматыда 24 адам заңсыз қамауда болған

4527
Adyrna.kz Telegram

ҚР Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыда 24 адам заңсыз қамауда болғанын айтты,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бүгінде прокуратура органдарына полиция қызметкерлеріне қатысты 91 шағым түсті. Әрқайсына жауап бердік. 19 өтініште заңбұзушылық расталмады. 56-сы әлі тексеріліп жатыр. Расталған жағдайлар да бар. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз ұсталған 24 қала тұрғынын босатты. Сондай-ақ, ұсталған адамдардың өлімі, азаптау және билікті асыра пайдалану деректері бойынша істер тергеліп жатыр. Республика бойынша барлығы осындай 16 қылмыстық іс қозғалды", - деді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, зорлық-зомбылық жасау және медициналық көмек көрсетпеу жағдайларын тәуелсіз тексеру үшін адам құқықтары жөніндегі уәкілге және құқық қорғау ұйымдарына ұсталғандар мен қамауға алынғандарға кіруге рұқсат берілді. Бұдан басқа, Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп, заң бойынша уақтылы білікті көмек көрсету, сондай-ақ қорғаушылардың мекемелерге қол жеткізуі мәселесі шешілді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер