Елдос Қилымжанов: 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр, 464 адам тұтқындалды

3258
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде  "ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми мәлімдемесі" тақырыбына өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов жедел тергелу топтары 819 қылмыстық істі тергеп жатқанын, оның 45-і "терроризм актісі", 36-і "жаппай тәртіпсіздік", 15-і "адам өлтіру" деректерімен, сонымен бірқатар тұлғалар тонау, күш қолдану, т.б әрекеттермен ұсталғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Осы істер бойынша 970 күдікті ұсталды. Оның ішінде 782 адам санкция бойынша қамауға алынды. 29 адамға үйқамақ тағайындалды", - деді ол.

Оның сөзінше, адамдардың көбі терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша тұтқындалған.

"Олардың саны — 464 адам. Ұрлық деректері бойынша 220, қаруды заңсыз алып жүргені және сақтағаны үшін 60 адам ұсталды. Қару ұрлағаны үшін 39 адам, 25 адам бұзақылық, 21 тонау ісі бойынша қамауға алынды. Басқа тергеу және қылмыстық істер бойынша да ұсталғандар мен тұтқындар бар", - деді Елдос Қилымжанов.

Сондай-ақ ол 96 адам уақытша ұстау изоляторынан шығарылғанын атап өтті.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер