Елордада Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрлық жасады деген күдікті ұсталды

2650
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтандық полицейлер Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Адырна" сайты.

«Нұр-Сұлтан» ҚПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының 20 жасар тұрғыны елордаға жеке таксимен барған. Елордаға келген ол сауда үйлерінің бірінде Iphone 13 ұялы телефонын сатып, одан 380 000 теңге пайда тапқан.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ұлы Дала даңғылындағы жалдамалы пәтерден, тонау жасады деген күдікті ұсталды. Пәтерді тінту кезінде Алматы қаласындағы «Ақ жел» дүкенінен HP маркалы ноутбугы, Iphone 11 және Iphone 6 ұялы телефондары табылып, тәркіленді.
Нұр-Сұлтан ПД

2022 жылдың 4 қаңтарында күдікті өз жұмыс орнында Алматы қаласындағы компьютерлік клубта болғаны анықталды. Жақын жерде «Ақ жел» дүкенінің қирағанын досынан білген ол қоймаға барып, төрт Iphone 11 және Iphone 13 ұялы телефонын және екі HP ноутбугін ұрлап кеткен. Ертеңінде ол кісі Алматыдан бірден елордаға жол тартты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Нұр-Сұлтан ПД

Жедел іс-шаралар барысында сатып алушы анықталып, одан Iphone 13 ұялы телефоны тәркіленді.

Полиция департаменті азаматтарды бағалы заттар мен құрал-жабдықтарды сату туралы күдікті ұсыныстардан сақ болуды ескертеді. Тауарды сатып алғанда, қырағы болыңыз және сатушыдан түбіртек немесе кепілдік талонын сұраңыз, ал күдік туындаған жағдайда полицияға хабарлаңыз.

Қылмыстық жолмен саналы түрде алынған мүлікті иемдену немесе сату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер