Шымкентте өткен тәулікте 450 КВИ жағдайы тіркелді

438

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Өткен тәулікте КВИ-дің 450 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 261, белгілері жоқ – 189). 56 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 394 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек-орын толымдығы 40 %-ды құрайды.

Шаһарда егу науқаны басталғалы барлығы 593 766 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 580 732 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 26 285 адам, II компонентін 11 632 адам қабылдады. Сондай-ақ, 53 885 адам ревакцинацияланды.

Қала тұрғындарын карантиндік талаптарды сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket