Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек – Берік Уәли

7210

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли бейбіт демонстрацияға қатысушылардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды.
Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды.
Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket